"Еркектер арасындағы әңгіме болды". Жанқош Тұраровтың сот орындаушымен дауға қатысты ашық сұхбаты

©instagram.com/zhankoshturarov/

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында сот орындаушымен болған дау-дамай туралы мән-жайды айтып берді. 

- Жанқош соңғы күндері сенің атың БАҚ-та көп аталатын болды. Сот орындаушымен оқиға туралы түрлі тақырыптағы жаңалықтар көбейіп кетті. Осыны түсіндіре кетсең?

- Иә, кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілер жағдайды толық білмей, жалған ақпарат тарататыны өкінішті. Көптеген сайттардан түрлі тақырыптар оқыдым, онда мені бір гангстер ретінде көрсетіпті. Жасанды шу көтерген. 

- "Мен ұрсам, ана жерде адамдар өліп қалуы мүмкін ғой" деген сенің сөзің ғой. Бұл қалай болды?

- Бір телеарнадан қыз қоңырау шалды. Қысқаша жауап бердім. Ол сөз кәсіпқой спортшы өз шеберлігін рингтен тыс қолдануға болмайды дегенді білдіреді. Боксшының дағдылары - суық қару іспеттес. Ол менен қоқан-лоқы туралы сұрағанда, осы сұрағының сандырақ сияқты естілетінін түісінбеді ме?!

- Демек бұл жағдайды түсіндіргенің ғой. Бұл сұхбат жарияланыпты, неге?

- Олар сөзімді диктафонға жазып алып, эфирге шығарып жіберіпті. Бірақ сөзіміздің жазылып жатқанын маған ескерткен жоқ. Мен бұл әңгіменің жариялануына қарсы болдым. Олар алдымен жағдайды білейін деген шығар деп ойладым. Сіздің ойыңызша, бұл қаншалықты кәсіби деңгей?

- Бұл енді журналистің этикасына байланысты. Жағдайға оралайық. Сен сонда болдың ғой, не болғанын айтып берші?

- Болдым, мойындаймын. Мен келгенімде жағдай түсініксіз болды. Бұл әпкемнің үйі. Олар үйді жақында сатып алған, бұрынғы иесі заңсыз құрылысы бар тұрғын үйді сатып жіберген. Сату-алудың процесін онша жақсы біле бермеймін, мұны құзырлы органдар анықтасын. 

- Сонда, сен туыстарыңды қорғадың ба?

-Иә. Жақының мұндай жағдайға душар болса, кім көмекке келмейді. Ол жерге келгенімде айғай-шу мен жылаған дауыстар болды. Бәрін тоқтатуды талап еттім, ары қарайғы жанжалға араласпадым. Куәгерлердің сөзінен сот орындаушысы да өз міндетін кәсіби атқармағанын және дөрекі сөйлегенін білдім. 

- Сот орындаушы сен оған қоқан-лоқы көрсетті дейді. Бұған не дейсің?

- Мен қарапайым жігітпін, жігіттік түсінікпен өстік бәрімізде. Оны ұрып-соғамын деп қорқытпадым. Еркектердің арасындағы әңгіме болды, мен оған өз ойымды айттым. Ол мені диктафонға жазып жатқанын ескерткен де жоқ. Бұл қаншалықты заңды екенін білмеймін. Ол соққы алып қалған соң, кектеніп алған сияқты. Ол да біреудің ағасы, одан да біреу үлгі алады-ау. Енді хайповать етіп жүр, өзін видеоға түсіріп, біреуді түрмеге отырғызам, соттатамын деп. 

- Жанқош сен мінезді жігіт екеніңді білеміз, ол жағдайда өзіңді ұстап тұру қаншалықты қиын болды?

- Алматыда адамдар мерт болған қайғылы оқиға бәрінің есінде ғой. Спортшы болғандықтан жастықпен түрлі жағдайды бастан өткердім. Жағдай қиындап кетуі мүмкін екенін жақсы білемін. Адамдар ашулы кезде не істегендерін білмей қалады. Біраз уақыттан кейін жағдайды сот арқылы бейбіт шешуге болады ғой. Ал адам өз ошағын қалай болсын қорғайды. 

- Жанқош Тұраров - қылмыскер емес. Осы жағдайға байланысты айтқың келгені осы ғой. Кәсіпқой боксшысың, алдағы жоспарың қандай?

- Кәсіпқой боксшымын, алдағы мақсаттырым мен міндеттерім көп. Жақында жекпе-жегім өтеді, жаттығуды бастадым. Адамдарға айтарым - спортпен шұғылданыңыздар, оқып-үйреніп, дами беріңіздер. Әлеуметтік желіден күнде негативті бойға сіңіре беруге болмайды. Мені қолдап, уайымдап жатқандарға рахмет. Мен жарқын жекпе-жектермен қазақстандықтарды қуантып, жастарды жеңіспен жігерлендіргім келеді. Ал мына мәселе бойынша енді мазамды алмаса екен. Бар сұраққа жауап бердім деп ойлаймын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport